McDonald’s мейрамханаларында QR-код көмегімен дауыс беріңіз
McDonald’s®️ өзінің заңды және бекітілген шығу тегінің жүз пайыздық кепілдігі бар картонды пайдаланады. Яғни, картон жеткізушілері тек жасыл технологияларды қолданады әрі аумақтарды одан әрі көгалдандырумен айналысады. Бес жыл ішіндегі көгалдандыру көлемі 190 гектар Іле Алатауы табиғи қорығының жартысына тең.
McDonald’s® электр энергиясының шығынын азайту технологиясын қолданады. Бұл үнемдеу жылына 20 үйді электрмен қамтамасыз ете алады.
McDonald’s® пластикті тұтынуға байыпты қарайды. Барлық қонақтарды стақандарға арналған түтіктер мен қақпақтарды сұраныс бойынша беруге шақырады. Егер мейрамхана залдарында пластикті тұтыну 55%-ға дейін қысқарса, онда пайдаланылмаған пластиктің ауданын Көк Жайлау үстіртінің ауданымен салыстыруға болады.
Қалдықтарды нығыздау жөніндегі арнайы технологияның арқасында полигондарға шығарылатын қоқыс көлемі азаяды. Сығымдалған түрінде қалдықтар 2000м3 басып алады, ал сығымдалмаған күйінде қалдықтардың мөлшері Хан Тәңірі шыңының биіктігіне тең болады екен.
Бес жыл ішінде мейрамханалардың залдары мен дәретханаларында суды ұқыпты пайдаланудың арқасында 1 200 000 литр су сақталған, бұл Үлкен Алматы көлі көлемінің 5%-на тең.
McDonald’s® мейрамхасының асханаларында тағамдық және тағамдық емес қалдықтарды сұрыптайды. Бес жыл ішінде сұрыпталған қоқыс көлемі 150 тоннаға тең, бұл Жұмбақтас жартасының көлеміне сәйкес келеді.
Қалдықтарды сұрыптау ресурстарды ұтымды пайдалануға көмектеседі: планетаға зиян келтірмей, заттарды жасау немесе энергияны шығару. Мысалы, қағаз қалдықтарын сұрыптай отырып, сен бірнеше ағашты құтқара аласың. Макулатура өңдеу зауыттарына жіберіледі . Онда олардан қайталама шикізат жасалғаннан кейін жаңа өнімдер шығарылады. Бірақ тамақ қалдықтарының аз мөлшері де қағазды өңдеуге жарамсыз етуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Бұл қоқыстар полигонда шіріп, жерді ластап, экожүйені баяу өлтіре береді.
Сенің қалаңда қағаз, пластик қалдықтары мен батарейкаларды қабылдайтын бірнеше пункттер жұмыс істейді. Іріктелген қалдықтарды осы орындарда тапсыру, олардың шынымен дұрыс жойылатынына сенімді боласың. Өңдеу процедуралары мен әдістері жайлы толығырақ сайттан біле аласын.
Саналы тұтынудың негіздерінің бірі - қайта пайдалануға болатын заттарды қолдану. Мысалы, бір қайта пайдалануға болатын сөмке-шоппер үш жүзден астам пластикалық пакеттерді, ал қайта пайдалануға болатын бір стакан бес жүзге дейін қағаз стақандарды алмастыра алады. Бұл экологиялық таза әрі өте сәнді. Төменде біз әдемі шопперді, қайта пайдалануға болатын сәнді стақанды, термостақанды немесе ыңғайлы бөтелкені сатып алатын бірнеше дүкендерді жинастырып қойдық.